- Басты
- Жаңалықтар
- Семейде 2015 жылдың 6 айында мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды
Семейде 2015 жылдың 6 айында мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды
Азаматтарды жұмысссыздықтан әлеуметтік қорғау 2011 -2015 жылдарға арналған Қаланы дамыту бағдарламасын және Жұмыспен қамту 2020 жол картасын жүзеге асыру арқылы шешілуде, бұл бағдарламалар аясында қала халқының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудің белсенді шаралары іске асырылады: жұмысқа орналастыру; уақытша ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту; қәсіптік оқытуға жолдау; жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарымен қамту; ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.
«Еңбек нарығын теңдестіру, жұмыссыздардың бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында жұмыспен қамту бөлімі жұмыссыздарды кәсіптік оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді. Кәсіптік оқытуға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 312 адам жіберілді», - делінген хабарламада.
Оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуде пәрменді шараның бірі ретінде «Жастар тәжірибесі» кіші бағдарламасы болып табылады, бұл бағдарлама білім беру мекемелерінің түлектеріне мамандығы бойынша бастапқы тәжірибе мен жұмыста дағды алуға мүмкіндік береді. Жастар тәжірибесіне оқу орындарының 113 түлегі қатысты.
Нысаналы топтарға жатқызылған жұмыссыздарға жұмыспен қамтуды және белсенді әлеуметтік қолдауды ұйымдастыру үшін «Әлеуметтік жұмыс орны» кіші бағдарламасы жұмыс жасайды, оларды уақытша жұмыс орындарын құру арқылы жұмыс беруші ұйымдастырады. Нысаналы топқа кіретін 131 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.
Өңір үшін экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан пайда келтіретін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру еңбек нарығындағы ахуалды жеңілдетуге мүмкіндік жасады. Ақылы қоғамдық жұмыстар қаланың және ауыл өнірлерінің 85 кәсіпорыны мен ұйымдарында ұйымдастырылды, оларға 696 жұмыссыз қатысты.
2015 жылдың 1 шілдесіне тіркелген еңбек нарығындағы жұмыссыздар саны 1195 құрады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды