ҚР-да автомобиль техникасын импорттау реттелді

8 Шілде, 2015 11:24
Қазақстан Республикасы инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі «Еуразиялық экономикалық одағы елдерінің аумағынан жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет мақсатында емес әкелінетін көлік құралдарынан өзге әкелуге айрықша құқық берілетін тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы» №481 бұйрығы күшіне енді, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.

Бұл Бұйрықтың қабылдануы автомобиль техникасын импорттауды реттеу, импорттаушылар мен сатушылардың өздерінің әкелген автокөлік құралдарын сатудағы жауапкершілігін күшейту қажеттігінен туындаған.

Қазақстан республикасындағы автомобиль рыногының жай-күйі қазіргі уақытта сервистік желілердің жеткіліксіз дамуымен сипатталады, автоорталықтар мен сервистік станциялардың ұйымдастырылуына инвестициялар тарту қажет. Лицензиялаудың мақсаты - авторынокты шектеу емес,  автомобиль құралдарын ниеттері таза емес жеткізушілерден тұтынушыларды сақтау үшін жағдай жасау, сондай-ақ ҚР-нда автомобиль сату және сервисі саласында тек қана шығарушылардың ресми өкілдері ғана кепілдік бере алатын жоғары сапа стандарттарын қамтамасыз ету.

Бұйрыққа сәйкес, Қазақстан Республикасына ТН ВЭД ЕАЭС 8702, 8703, 8704 (автобустар, жеңіл және жүк автомобильдері) бойынша топтастырылған көлік құралдарының кейбір түрлерін әкелу лицензияларын берумен дистрибьюторлық немесе дилерлік Келісім негізінде әзірлеушінің ресми өкілдері, сондай-ақ ресми дилерлер айналысады. 

Лицензияларды берумен Қазақстан Республикасы инвестиция және даму министрлігінің Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті шұғылданады.

 

 

Барлық жаңалықтар