• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО әкімі мен Австрия кәсіпкерлері ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты талқылады

ШҚО әкімі мен Австрия кәсіпкерлері ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты талқылады

8 Шілде, 2015 10:39
Шығыс Қазақстанда екі күндік бағдарламамен Австрия делегациясы келді, олар ауыл шаруашылығы саласын талқыламақ, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Облыс басшысы Даниал Ахметовпен кездесуге компания өкілдері келді, олар ауыл шаруашылығы саласында маманданып, сүт пен ет өңдеуде құрылғы жасаудан машықтанып жүргендер.

Австриялық компаниялар бағыттар туралы айтып, қызықты сұрақтарға жауап берді.

Облыс әкімі Шығыс Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы  әлеуеті туралы әңгімеледі.

«Біздің ауданда мал шаруашылығы үшін жақсы жағдай жасалған. Бізді мал шарушылығы саласымен жұмыс жасаудың барлық тиімділігі қызықтырады. Сондықтан, бір топ маманды жұмыс істеп, мүмкіндік жасауға шақырамын. Өз кезегінде, біз тығыз жұмыс істеуге болатын учаскілерді таңдаймыз», - деді Д.Ахметов.

Сапар барысында қонақтар облыстың ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралап, ШҚО бизнес-кездесулеріне қатысты.

 

Барлық жаңалықтар