• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ю.Оксамитный: Қазақстанда ювеналды сотты енгізу әлемдегі озық тәжірибелердің бірі болып табылады

Ю.Оксамитный: Қазақстанда ювеналды сотты енгізу әлемдегі озық тәжірибелердің бірі болып табылады

8 Шілде, 2015 10:24
ШҚО №1 кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар Қорының өкілі және ЕО делегациясы, Департамент басшысы және Қазақстандағы ЕО делегациясы жобасының басшысы, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының өкілі, БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар Қоры жобалары мен бағдарламаларының үйлестірушісі Юрий Оксамитныймен кездесу болып өтті, деп хабарлады ҚР Жоғары сотының баспасөз қызметінен.

«Қазақстанда ювеналды сотты енгізу әлемдегі озық тәжірибелердің бірі болып табылады. Бұл жеке өндірісте кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүддесін ескере отырып, сот істерін қарауға мүмкіндік береді. Аталмыш бағыт бала құқығы туралы БҰҰ Конвенциясының басымдықтарын жүзеге асыруға сәйкес келеді.  Біз Қазақстандағы ювеналды соттармен ары қарай ынтымақтастығымызды жалғастыруға дайынбыз», - деп атап өтті  Юрий Оксамитный.

Кездесу барысында қатысушылар Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Т.Жұмагельдинді тыңдады. 

Ол 2015 жылдың 1 жартыжылдығында сотта 22 қылмыстық іс, 160 азаматтық және 608 әкімшілік іс қаралғанын атап өтті. Сонымен, кәмелетке толмағандардың қатысуымен болып жатқан сот істері азаюда. Жыл сайын құқыққорғау және сот органдары қылмыс жасауға бейім жасөспірімдер арасындағы профилактикалық жұмыстар арттырылуда.  

Барлық жаңалықтар