• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ослода Қазақстан мен Норвегияның Сыртқы істер министрліктерінің консультациялары өтті

Ослода Қазақстан мен Норвегияның Сыртқы істер министрліктерінің консультациялары өтті

8 Шілде, 2015 10:08
Ослода Қазақстан мен Норвегияның Сыртқы істер министрліктерінің арасында консультациялар өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ.

Аталмыш консультациялар аясында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы Анарбек Қарашевтің Норвегияның Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Кристиан Стромменмен кездесуі ұйымдастырылды.   

А.Қарашев норвегиялық әріптесін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға арналған Ұлттық жаңғырту жөніндегі комиссия құрылғандығы туралы және Мемлекет басшысының «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты Жолдауының мақсат-міндеттері мен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму аспектілеріне қатысты өзекті мәселелер жөнінде әңгімелеп берді.     

Кездесу барысында «100» нақты қадамның тек ішкі және жаһандық қауіп-қатерлерге деген жауап қана емес, Қазақстанның жаңа тарихи жағдайлар кезінде бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына кіру жөніндегі Ұлт жоспары болып табылатындығы айтылды. Норвегиялық мейманды әсіресе экономикалық бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру мен мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға қатысты реформа қызықтырды.

Өз кезегінде  норвегиялық дипломат мемлекеттік қызметке қабылдау, жаңа лауазымдарға кандидаттарды іріктеу, дипломатиялық және әкімшілік кадрларды ротациялау мәселесіне қатысты норвегиялық тәжірибемен бөлісті. Сондай-ақ кәсіби ортақ мемлекеттік қызметкерлер корпусын құру жөнінде өзара пікір алмасылды. Норвегия тарапы Қазақстанның стратегиялық бағдарламаларын жоғары бағалап, екіжақты қарым-қатынастарды болашақта тереңдете түсуге мүдделі екендіктерін жеткізді.    

 

 

Барлық жаңалықтар