• Басты
  • Жаңалықтар
  • Т.Дүйсенова мен Египеттің Елшісі Х. Камел Ибрагим денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады

Т.Дүйсенова мен Египеттің Елшісі Х. Камел Ибрагим денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады

7 Шілде, 2015 20:28
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Египет Араб республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайсам Камел Ибрагиммен кездесті.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, оның барысында тараптар денсаулық сақтау саласындағы перспективалық бағыттарды талқылады.

Кездесу барысында Қазақстанға Египеттен дәрілік заттарды, медициналық жабдықтарды жеткізу, қазақстандық және египеттік мамандар арасында тәжірибемен алмасу жүйесін жетілдіру мәселелері қаралды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында  Қазақстанға египеттік бизнес-делегациясының келуі жөніндегі келісімдерге қол жеткізілді.

Екі ел арасындағы өзара-әрекеттестік экономикалық, ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-египеттік бірлескен үкіметаралық комиссия шеңберінде жүзеге асырылып жатқанын естеріңізге саламыз.

Барлық жаңалықтар