- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі Арқалық қаласындағы кәсіпорындарды аралады
ҚР Премьер-Министрі Арқалық қаласындағы кәсіпорындарды аралады
«Премьер-Министр жұмыс бағдарламасы бойынша Арқалық жылу энергетикалық компаниясының ЖЭО-ға барды. Мұнда С.Ахметов жылу энергетика орталығының жөндеу бағдарламаларын жүзеге асыру, ЖЭО-ның өңірді энергиямен үздіксіз қамтамасыз етуге дайындығы барысымен танысты», - деп хабарламада нақтыланған.
Биыл жылу беру маусымына дайындық шеңберінде жоспарланған барлық жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жасалды. Жылу көздері мен жылу желілері жабдықтарын жөндеуге 132 млн. теңге бөлінді. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту» бағдарламасы бойынша 1,41 км жылу желілерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Премьер-Министр сондай-ақ «Агроинтерқұс» кәсіпорнында болды. Индустрияландыру картасын жүзеге асырудың арқасында кәсіпорында жабдықтар жаңғыртылып, өндіріс технологиясы жетілдірілді. Осының бәрі құс фабрикасына болашақта толық қуатқа еніп, жылына 300 млн. астам жұмыртқа өндіруге мүмкіндік береді.
2013-2015 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту Кешенді жоспары шеңберінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қарастырылған. Бұның қатарына ұн комбинаты, жем азығы зауыты, мал шаруашылығы кешені құрылыстары кіреді. Тұтастай алғанда, Кешенді жоспарды жүзеге асыру үшін 2013 жылға республикалық бюджеттен 580 миллионнан астам теңге бөлінді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды -
Нотариат саласындағы реформалар: жылжымайтын мүлік құқықтары, цифрланған нотариус -
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар