- Басты
- Жаңалықтар
- Шетелдік мемлекет басшылары ҚР Президентін туған күнімен құттықтауда
Шетелдік мемлекет басшылары ҚР Президентін туған күнімен құттықтауда
Молдова Республикасының Президенті Николае Тимофтидің құттықтауында Нұрсұлтан Назарбаевтың тәжірибесі мен лидерлік қасиеттері Қазақстандағы маңызды өзгерістерді табысты жүзеге асырудың және елдің халықаралық аренадағы ұстанымын нығайтудың басты факторына айналғаны айтылған.
«Біз Молдова Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық аясын дәстүрлі достық пен өзара түсіністік негізінде, мемлекеттеріміз бен халықтарымыздың игілігі үшін бірлескен күш-жігер арқылы кеңейте алатынымызға нық сенімдімін», – делінген жеделхатта.
Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Мамнун Хусейн Нұрсұлтан Назарбаевқа бүкіл халқының және жеке өзінің атынан құттықтау жолдады.
«Пәкістан мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастар алда да халықтарымыздың игілігі үшін нығая беретініне сенімдімін», – делінген хатта.
М.Хусейн Қазақстан Президентіне мықты денсаулық, ұзақ өмір және еліміздің бұдан ары дамуы мен өсіп-өркендеуіне бағытталған бастамаларының жүзеге асырылуына табыс тіледі.
Түрікменстан Президенті Гурбанғұлы Бердімұхамедовтің жеделхатында екі ел халқы арасындағы достық қарым-қатынастар ұзақ жылдар бойы теңқұқықтылық, құрмет және өзара қолдауға негізделіп келе жатқаны айтылған.
«Түрікменстан мен Қазақстан арасындағы сенім мен өзара түсіністіктің жоғары деңгейі алда да түрлі саладағы өзара ықпалдастықтың сындарлы дамуына берік негіз қызметін атқара береді деп сенемін», – делінген құттықтауда.
Г.Бердімұхамедов Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, сарқылмас қуат, бақыт, сондай-ақ достас Қазақстан халқының татулығы, ілгерілеуі және өсіп-өркендеу жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары