Елбасы екіжақты ынтымақтастық бойынша бірқатар әңгімелесу өткізді

7 Шілде, 2015 19:32
Елбасы екіжақты ынтымақтастық бойынша бірқатар әңгімелесу өткізді , деп хабарлады Ақорданың баспасө қызметі.

Елбасы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы әңгімелесті.

Нұрсұлтан Назарбаевты Әзербайжан Президенті туған күнімен құттықтады.

Сондай-ақ Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және 2014 жылғы 29 қыркүйекте Астраханьда өткен Каспий жағалауы мемлекеттерінің төртінші саммиті аясында қол жеткен уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Телефон арқылы әңгімелесуге әзербайжан тарапы бастамашы болды.

Сондай-ақ, телефон арқылы әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевты ГФР-дың бұрынғы Федеральды сыртқы істер министрі туған күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.  

Г.-Д.Геншер қазіргі Қазақстанның табысына және Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған мақсаттардың жүзеге асатынына нық сенетінін айтты.

Әңгімелесуге герман тарапы бастамашы болды.

Грузия Президенті Гиоргий Маргвелашвили Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтап, денсаулық пен бақ-береке және Қазақстан халқының игілігі үшін жаңа жетістіктер тіледі.

Екі ел президенттері сондай-ақ Қазақстан мен Грузияның өзара ықпалдастығын арттыру мәселелерін талқылады.

 

Барлық жаңалықтар