- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат комитетінде зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң жобасы қаралды
Сенат комитетінде зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң жобасы қаралды
Құжат зейнетақы төлемдерінің қалыпты мөлшеріне кепілдік беру үшін мемлекеттің, жұмыскер мен жұмыс берушінің жауапкершілігін күшейту арқылы азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етуді жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
Заң жобасымен бірқатар заңнамалық актілерге қолданыстағы заңнамадағы олқылықтарды жоюды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Жоба нормалары 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыскер табысының 5 пайызы мөлшеріндегі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізуге бағытталған, олар әрбір жұмыскердің БЖЗҚ-да ашылған шартты зейнетақы шоттарына аударылатын болады. Зейнетақы жинақтарының бұл түрі жыл сайын индекстеліп, өмір бойы төленетін болады, алайда ол мұрагерлікпен берілмейді.
2017 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтар зейнеткерлік жасқа толған кезде ғана тағайындалатын базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа тәртібі енгізіледі. Базалық зейнетақы мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан 100 пайызына дейін өзгеріп тұрады.
Бұдан басқа, базалық зейнетақыны тағайындау саясатының өзгеруіне байланысты жасы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алып тасталады.
Заң жобасымен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қарулы құрылымдар қызметкерлерін толығымен мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету белгіленеді. Бұл ретте, 2016 жылдан бастап қарулы құрылымдар қызметкерлерінің ақшалай қамтылымынан 20 пайыздық міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі мемлекеттік бюджеттің міндеттемелері алып тасталады. Бұдан басқа, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен олардың пайдасына аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын бюджет кірісіне қайтару ұсынылады.
Осылайша, заң жобасы азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етуді арттыруға, олардың зейнетақы жүйесіне қатысуын ынталандыруға және зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесінде қарулы құрылымдардың барлық қызметкерлеріне бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге бағытталған.
Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы