• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенатта Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғызстанның қосылуы туралы құжаттар қаралды

Сенатта Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғызстанның қосылуы туралы құжаттар қаралды

7 Шілде, 2015 18:46
Парламенті Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартты қарады, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

Атап айтар болсақ, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Заң жобасы төмендегі құжаттарды:«2014 жылгы 23 желтоқсанда Мәскеу каласында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартты (Қосылу туралы шарт);

2014 жылғы 8 мамырда Мәскеу қаласында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қол қойылған 2014 жылгы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және Еуразиялық экономикалық одақтың кұқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы (Өзгерістер енгізу туралы хаттама);

2015 жылғы 8 мамырда Мәскеу қаласында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялықэкономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылгы 29 мамырдағы Еуразиялықэкономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалықодақ органдарының актілерді қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы хаттаманы (Жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы хаттама) ратификациялау мақсатында әзірленген болатын.

Өзгерістер енгізу туралы хаттама және Жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы хаттама Қосылу туралы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

Қосылу туралы шарттың, сондай-ақ оған жоғарыда көрсетілген хаттамалар күшіне енген сәттен бастап Қырғыз Республикасы жағдайлар мен өтпелі ережелердіескере отырып, Еуразиялық экономикалық одактың мүшеci болады және өзіне 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған басқа халықаралық шарттарда көзделген міндеттемелерді алады.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

 

Барлық жаңалықтар