• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы облысының әкімі мен Франция елшісі екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселесін сөз етті

Алматы облысының әкімі мен Франция елшісі екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселесін сөз етті

7 Шілде, 2015 19:03
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Франсис Етьенмен кездесті, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы қонақтарға облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, табиғи ресурстар, инвестициялық климат туралы айтып берді және еліміздің аймағында орналасқан қазақстан мен Францияның бірлескен кәсіпорындарының жұмысына тоқталды. Әңгіме барысында ол Елбасының бастамасымен қолға алынған бағдарламалар мен жобаларға ерекше екпін түсірді.  

Өз кезегінде елші Қазақстан мен Франция арасындай бизнесті қоса алғанда байланыстардың 1991 жылы басталғанын айтты. Мысалы «Данон Бүркіт» сүт зауыты франциялық «Данон» компаниясының брендімен өнім шығаруда. Франсис Етьенің сөзінше, бүгінгі таңда француздар басым бағыт ретінде ауыл шаруашылығы, туризм, медицина салаларын дамытуды қойып отыр. Сондықтан ол аталмыш бағыттарды дамыту үшін Алматы облысымен байланыстарды нығайтуға мүдделі екендігін жеткізді.     

Сонымен қатар ол асыл тұқымды жылқылардың санын арттыру мен жылқы етін экспорттау мәселесіне тоқталды. Бұған қоса елші Қазақстан-француз кәсіпкерлер палатасын құру жоспары мен Астана-Париж тікелей рейсінің ашылғандығын айтты.      

Осы ретте айта кететін мәселе, Франция елшісі осы сапары барысында облыс кәсіпкерлерімен кездесіп, Талдықорғанның Шарын шатқалы мен Көлсай көлі сияқты аймақтарында болып, «Қорғас-Шығыс қақпасы», мен «Құрлық айлағы» жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты.

 

Барлық жаңалықтар