• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2015 жылдың екінші тоқсанында Астанада тіркелген заңды тұлғалардың саны 2,6 пайызға ұлғайды

2015 жылдың екінші тоқсанында Астанада тіркелген заңды тұлғалардың саны 2,6 пайызға ұлғайды

8 Шілде, 2015 09:07
Алғашқы тіркеуден өткен заңды тұлғалардың саны 2015 жылдың екінші тоқсанында 1 мың 680 дананы құрады, олардың ішінде Алматыда ауданында – 53,7 пайыз, Сарыарқа ауданында – 28,5 пайызы тіркелді. Ал Есіл ауданының үлесі 17,8 пайыз көлемінде, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің баспасөз қызметі.

«Тіркелгендердің ішінде 1 мың 665-і шағын кәсіпорын, 14-і орта, 1-уі ірі кәсіпорын топтарына жатады. Биылғы жылы тіркелген кәсіпорындар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, шағын кәсіпорындар 7,3 пайызға, орталары 8 данаға артты»,-делінген хабарламада.  

Кәсіпорындардың 24,3 пайызы құрылыста, 22,1 пайызы саудада, өзге де көрсетілетін қызметтерге 15,3 пайызы жатады. Жаңа заңды тұлғалардың 95,5 пайызы жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде тіркелген, жыл басынан бері олардың саны 5,3 пайызға көбейген. Тіркелген кәсіпорындардың 2,1 пайызы қоғамдық бірлестіктер мен қорлар, заңды тұлғалар бірлестігі 0,6 пайыз, мекемелер мен тұтыну кооперативтері, 0,2 пайыз акционерлік қоғамдар, 01 пайызы өндірістік кооперативтер.    

2015 жылдың екінші тоқсанында тіркелген заңды тұлғалардың  басшыларының арасында 72,1 пайызы ерлер, 27,2 пайызы әйелдер.    

 

 

 

Барлық жаңалықтар