ҚР Президенті Словенияда Қазақстанның жаңа елшісін тағайындады

17 Қазан, 2013 11:06
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы бойынша Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлы Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, деп ҚР Президенті Әкімшілігі ресми сайтының баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада нақтыланғандай, Қайрат Әбдірахманов өзінің бұрынғы лауазымы, Автрия мемлекетіндегі ҚР-ның Төтенше және Өкілетті Елші атағын босатпайды.

Оған қоса, Қайрат Әбдірахманов Вена қаласындағы халықаралық ұйымдарда  Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар