- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері Абай шыңын бағындырды (Фото)
Қазақстанда Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері Абай шыңын бағындырды (Фото)
Бірінші бағындырған шың 2 880 метр биіктікте орналасқанІле Алатау бөктеріндегі асудың бірі болатын. Биіктікті бағындырған әскери қызметшілер осы жерге түнеп, таңертең қайта жолға шықты. Нәтижесінде Абай шыңына әскери альпинистер жеті сағатта (қонған уақытты есепке алмағанда) жетті.
Әскери қызметшілердің айтуынша ауа-райы олардың таудағы жорығына қолайлы жағдай жасады, ал түнгі жауған жауын жеке құрамның жауынгерлік рухын шыңдады. Қазақстанның Аэроұтқыр әскерлеріне қарасты әскери қызметшілер үшінтау даярлығы жауынгерлік даярлықтың ажырамас бөлігі болып саналатынын атап өткен жөн.Теориялық және практикалық сабақтардың арқасында жауынгерлеральпинист ретінде өз шеберліктерін жетілдіруге, ең күрделі деген тау бағыттарын игеруге, жаңа шыңдарды бағындыруға мүмкіндік алады.
Тау даярлығы екі бағытқа бөлінеді. Бірінші – арнайы альпинистік даярлық. Бұл жерде әскери қызметшілер тау шатқалдарының барлық түрлерін игеруге арналған техникалардымеңгереді, шыңға өрмелейді, тау шаңғысы мен қар көшкініне даярлық курсынан өтеді, таулы аймақтарда өмір сүру машықтарын үйренеді. Екінші бағыт – тауда әскери іс-қимылды жүргізу даярлығы.
Айта кетейік, Абай шыңы – Кіші Алматының батыс шоқыларындаІле Алатау сілемдерінің жотасында орналасқан. Бұл Қазақстандағы көркем және биік тау шыңдарының бірі. Тұңғыш рет Абай шыңына 1932 жылы шыққан болатын.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды