• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сарапшы Л.Асылбекова мемқызметкерлерді іріктеуде біліктілікке қарау туралы айтып берді

Сарапшы Л.Асылбекова мемқызметкерлерді іріктеуде біліктілікке қарау туралы айтып берді

7 Шілде, 2015 16:15
ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының профессоры, психология ғылымдарының докторы Лейла Асылбекова Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мемқызметкерлерді іріктеуге біліктілікпен қарау туралы айтты.

Бәрімізге белгілі, Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамы мемлекеттік қызметті дамыту мен жаңғыртуға арналған, соған байланысты мемқызметке дамыту мен енгізудің түрлі әліс-тәсілдері әзірленуде.

Сонымен, сарапшы Л.Асылбекова мемқызметкерлерді іріктеуге біліктілікпен қарау туралы әңгімеледі.

«Біліктіліктерді қазақстандық мамандар әзірледі, халықаралық сарапшыларға көрсетілді, Оңтүстік Корея мақұлдады. «А» корпусы бағалаған біліктіліктер жүйелі сипатқа ие. Оның ішінде этика, мақсаткерлік, бәсекеге қабілеттілік, әріптестік, талдамалық, ұйымдастырушылық, коммуникативтілік, сапаға бағыттау бар», - деді психология ғылымдарының докторы. 

Оның айтуынша, алғашқы екі біліктілік мемлекеттік қызметкердің басшымен жұмысын бағалайды.

«Бұл біліктіліктер қазір жетілдірілуде. «А» корпусында халықаралық әріптестермен бірге жүзеге асырылған біліктіліктің аталмыш тізімі қаралуда. Және біз осы аталмыш біліктілікті «Б» корпусына қолдануға маңызды қадам жасаймыз деп үміттенемін», - деп толықтырды ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар