- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде әскери бөлімнің 200 жас сарбазы Отан алдында ант берді
Ақтөбеде әскери бөлімнің 200 жас сарбазы Отан алдында ант берді
7 Шілде, 2015 20:07
ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта 6655 әскери бөлімінің жас сарбаздары салтанатты түрде ант қабылдады, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Шараға бөлім ардагерлері, мемлекеттік мекеме мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақыртылды.
Сонымен қатар Ақтөбеге Алматы, Астана, Қостанайдан сарбаздардың туыстары келді.
Әдеттегідей бөлімшенің алдына оның туы шығарылды. Бөлім командирі полковник Талғат Әбікешов жиналғандардың алдында сөз сөйледі.
Отан алдында ант қабылдаған жас жауынгерлерді «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұрхан Ақниязов құттықтады.
200 жас сарбаз әскери бөлімнің туы алдында «өмірінің соңына дейін Қазақстан халқы мен заңды сайланған Президентке адал болуға, егеменді елдің Конституциясы мен заңын бұлжытпай сақтауға» ант берді.
Шара соңы концертке ұласты. Қонақтар мен сарбаздардың ата-аналарына бөлімде экскурсия ұйымдастырылды.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру