• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті Германияның көші-қон одағының Алтын белгісі мен Құрмет грамотасына ие болды

ҚР Президенті Германияның көші-қон одағының Алтын белгісі мен Құрмет грамотасына ие болды

7 Шілде, 2015 15:39
Берлиндегі Қазақстан елшілігінде ҚР Президентіне салтнатты түрде Германияның көші-қон одағының Алтын белгісі мен Құрмет грамотасын жіберу шарасы өтті.

ҚР СІМ хабарлағандай, Қазақстанның бұрыңғы тұрғындары миллиондаған неміс ұлтының атынан Бундестаг депутаты Генрих Цертик, Германияның көші-қон одағының төрағасы Вальдемар Айзенбраун, Қазақстанның немістер одағының төрағасы Анатолий Граф «Қазақстанда бұрын тұрған миллиондаған неміс ұлты Қазақстанмен мәдени, дәстүрлі тұрғыда қарым-қатынасын үзбеген. Олар бұл елді мақтан тұтады». Қазақ халқы олардың айтуынша, ең қиын кезеңде қол ұшын беріп, көмек көрсетті.

Қазіргі таңда Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық даму мен неміс диаспорасының  мәдени тұрақтылығы, неміс тілінің белсенді дамуы, неміс теранының жұмыс істеуі қамтамасыз етілген.

«Осының бәрі ҚР Тұңғыш Президентінің салиқалы саясатының арқасы. Сондықтан да неміс халқы, оларға жасаған жақсылықты әрдайым есте ұстап, Нұрсұлтан Нзарбаевтың оған қосқан үлесін өте жоғары бағалайды», - деді олар.

Барлық жаңалықтар