• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ш.Есімова: АҚШ-ты Қазақстанның мемлекеттік қызметті дамыту тәжірибесі қызықтырады

Ш.Есімова: АҚШ-ты Қазақстанның мемлекеттік қызметті дамыту тәжірибесі қызықтырады

7 Шілде, 2015 15:23
АҚШ Қазақстанның мемлекеттік қызметті дамыту тәжірибесі қызығушылық танытып отыр, дейді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқарау академиясының ғылым және халықаралық байланыс жөніндегі вице-ректоры Шолпан Есімова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамы мемлекеттік қызметті дамыту мен оны жаңғыртуға бағытталған. Бұл реттегі Қазақстанның тәжірибесі АҚШ өкілдерін қызықтырып отыр. Олар Қазақстаннан азиялық мәдениеттің құндылықтар жүйесін алып, өздерінің құндылықтар жүйесіне енгізбекші»,-деді Ш.Есімова.     

Бұған қоса, оның сөзінше, Қазақстан дамып келеді және мемлекеттік қызметті жаңғыртуға мүдделі, сонымен қатар, лауазымдық өсім үлгісіне көшуге бел буып отыр.

Вице-ректордың айтуынша, аталған үлгі кадраларды таңдауға қатаң бақылау жүргізбек, барлығы меритократия жүйесіне негізделетін болады.    

«Меритократия – өзі қызмет етіп отырған мемлекеттің қызметкердің атқарған қызметіне қарай, өзі қызмет етіп отырған саланың дамуына қосқан үлесіне қарай лауазымының өсуі. Бұл үлгі дамиды, егер біз лауазымның өзу жүйесімен ілгері жылжитын болсақ. Бұл мемлекеттік қызметкерлердің сұранысына сай болады»,-деді ол.   

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар