- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да жыл басынан бері 776 тонна сүт өндірілді
ШҚО-да жыл басынан бері 776 тонна сүт өндірілді
ШҚО ақпарат орталығында хабарлағандай, мал шаруашылығы көлемін көбейту және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану үшін алаңы 184 мың га болатын 31 ірі өсімдік шаруашылығы іріктеліп алынды. Соның базасында сүтті және етті мал шаруашылығы дамитын болады. Шаруашылық активінде тиісті материалды-техникалық база бар.
Шетелдік инвестициялардың қатысуымен Семейде ет өңдейтін комбинат құрылысы бойынша 20 млн доллар тұратын қазақстандық-ирандық компанияның «АгроПортал» жоспарын іске асыру ойда бар. Ол комбинат кейіннен ет өнімдерін тереңінен өңдейтін болады.
«Біз ішкі тұтыну үшін өндірілетін өнімдерді көбейтіп қана қоймай, сыртқы нарыққа да белсенді түрде шығуымыз керек. Алға қойылған шаралар агроөнеркәсіптік кешенде ауыл шаруашылығы жалпы өнімі көлемінің жыл сайынғы өсімінің 12-13% көбейтіп қана қоймай, осы негізде өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтып, АӨК экспорттық әлеуетін арттырады», - деп атап өтті Даниал Ахметов облыстық мәслихат депутаттарының алдында есеп беру барысында.
Еске салсақ, облыс сүт өндірісі бойынша республикада үшінші орында. Жыл басынан бері өңірде 776 тонна сүт өндірілген, соның ішінде МТФ 55 мың тонна.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті