- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында 5 айда БЖК аясында 10 жоба мақұлданды
Маңғыстау облысында 5 айда БЖК аясында 10 жоба мақұлданды
«Маңғыстау облысының шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамып келеді. Бұл саладағы көрсеткіштер даму үдерісінің бәсеңсімей отырғандығын көрсетіп отыр. Халық жеке бизнестерін ашу мен шағын несиелендіруге ынты-ықыластарының зор екендігін көрсетуде. Шағын және орта бизнес саласындағы субъектілер саны 46,5 мың дананы құрады, өсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 8,4 пайызды құрады»,-деді ол.
Оның сөзінше, шағын және орта бизнес саласында еңбектеніп жүрген азаматтар саны 8,8 пайызға, яғни 95,6 мың адамға артты. Ал осы кәсіпкерлік нысандары өндірген өнім көлемі 12 пайызға көбейді. «Шағын және орта бизнестегі экономикалық жағынан белсенді халықтың мөлшері 5,2 пайызға артты. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының аясында биылғы жылдың 5 айында құны 1,8 млрд теңге болатын 10 жоба мақұлданды. Қаңтар-мамыр аралығында тұрғындарға 208,4 млн теңге көлемінде 86 несие берілді. Өткен жылдың осы кезінде 261,2 млн теңгенің 70 шағын несиесі берілген»,-деді С.Нарешова.
Облыс әкімдігінің мәліметтерінше, мемлекет бюджетіне (Ұлтық қорды есептемегенде) 2015 жылдың қаңтар-мамыры аралығында 118,2 млрд теңге салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түскен. Соның ішінде жергілікті бюджетке түскен түсімдер 10,5 пайыз, яғни 47,5 млрд теңге болды.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары