• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: Ақмола облысында қуаты жылына 100 мың тонна қоспа жем өндіретін кешен іске қосылды (ФОТО)

ИИДМБ: Ақмола облысында қуаты жылына 100 мың тонна қоспа жем өндіретін кешен іске қосылды (ФОТО)

7 Шілде, 2015 15:07
Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылында мемлекеттік үдемелі-индустриалды даму бағдарламасы аясында жылына 100 мың тоннаға дейін қоспа жем өндіретін кешеннің салтанатты ашылуы болды.

Салтанатты шарада Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин индустрияландырудың екінші бесжылдығында биыл 15 жаңа жоба іске қосылатынын, оның ішінде үшеуінің қазір жұмыс жасап жатқанын атап өтті.

Кешен бройлер құс фабрикасын қалпына келтіру бойынша инвестициялық жоба аясында іске қосылды, ол мал табынын, балапандарды, бройлерлерді толыққанды жеммен қамтиды және басқа ұйымдардан өтінім қабылдайды.  Аталмыш кешенде жылына 100 мың тоннадан астам қоспа жем өндіріледі, ол 2017 жылы 20 000 тонна ет алуға мүмкіндік береді, ал 2019 жылы жылына 40 000 тонна қуатқа дейін шығуға болады

 «Кешен «BUHLER» (Щвейцария) компаниясының заманауи жоғары технологиялық құрал-жабдығымен қамтылған: қабылдау 50 тонна/сағ, қайта жасау 50 тонн/сағ, кептіру  10 тонн/сағ, элеватор 7 000 тонна астыққа есептелген, қуаты 15 тонн/сағ болатын ұнтақталған жем зауыты. Қаржыландыру схемасы: өзіндік қаражаты, ҚазАгроҚаржы АҚ, Цесна Банк АҚ және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында. 45 тұрақты жұмыс орны ашылды», - делінген хабарда.

Барлық жаңалықтар