- Басты
- Жаңалықтар
- Мембасқару академиясы ЭЫДҰ басқару мектебінің ғаламдық желісіне кірді
Мембасқару академиясы ЭЫДҰ басқару мектебінің ғаламдық желісіне кірді
Шараның басты тақырыбы «Әлемдік деңгейдегі мемқызметке арналған қабілет». Жиында сондай-ақ, мемлекеттік қызметті жаңарту, мемлекеттік реформаларды іске асырудың халықаралық тәжірибесі, мемлекеттік қызметкерлерді оқып-үйретудің технологиясы мен әдістерін жетілдіру, аталмыш салада инновацияны дамытудағы ЭЫДҰ рөлі секілді маңызды мәселелер қозғалды.
Академия ректоры Б.Әбідрасілов «Басқару мектептері әлемдік деңгейдегі мемлекеттік қызметті қалыптастырудың әріптестері ретінде» тақырыбындағы баяндамасын оқыды. Ол баяндамасында академияның оқу-әдістемелік және ғылыми қызметін жаңғырту тәжірибесімен, атап айтсақ, біліктілік негізінде мемқызметкерлерді оқытудың жаңа тәжірибелі бағдарлық бағдарламаларын әзірлеу, меморгандардың қызметін жетілдіруге бағытталған заманауи ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру турасындағы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар президент Н.Назарбаевтың «100 қадам» бағдарламасы аясында жоғары білікті, автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша елімізде атқарылып жатқан шаралар туралы мәлімет те жиналғандардың қызығушылығын тудырды.
Аталмыш шарада академия ресми түрде ЭЫДҰ басқару мектебінің Ғаламдық желісінің мүшесі болып қабылданды. Аталмыш ұйымға мүше болу мемқызметкерлерді үздік еуропалық стандарттар деңгейіне дейін оқыту әдістемесін жетілдіруге ықпал ететін болады.
-
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
ТКШ: 2607 жаңа басқару нысаны құрылды -
Мемлекеттік басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы: жаңа құндылықтар мен цифрлық сервис -
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге болады -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек -
Мемлекеттік басқару академиясының «QazaqResmiTest» тестілеуінің форматы қалай өзгерді -
Тәуелсіздік жылдарындағы мәслихат рөлі: Мәслихаттар саяси институт ретінде қалыптасты ма -
Белсенді азаматтық қоғам - білікті мемлекеттік басқарудың кепілі -
Қазақстандық ғалымдар әзірлеген COVID-19-ға қарсы вакцина әлемдегі үздік 200 вакцина қатарына кірді -
Әл-Фараби ғаламдық деңгейдегі философ – Ж.Ибрагимов (ВИДЕО) -
Президенттік басқару формасы: Жарасым мен жасампаздықтың 30 жылы -
Д.Тұяқов: Жыл соңына дейін 643 ауыл интернет желісіне қосылады