Қызылорда облысында 170 млн теңгенің аудандық клубы салынды

7 Шілде, 2015 14:34
Сырдария ауданының мәдениет саласы жаңа нысанмен толығып, С.Сейфуллин ауылында 150 орындық клуб ауыл тұрғындарына есігін ашты, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Мекемеде 7 штат бірлікпен 8 қызметкер жұмыс жасайды. Сонымен қатар, «Ән үйірмесі», «Домбыра үйірмесі», «Жас қалам жас жазба ақындар үйірмесі», «Қобыз үйірмесі» жұмыс жасайды, үйірмеге барлығы 63 өнерпаз тартылған. 

Айта кету керек, клуб құрылысын мердігер «Орион LTD» ЖШС-і жүргізді. Жобаның жалпы сметалық құны – 172,488 млн. теңгені құрайды. 2015 жылы аудандық бюджеттен жаңа клуб ғимаратының сахналық киіміне – 3200000 теңге, терезенің жалюздеріне – 250000 теңге, музыкалық аппаратура сатып алуға – 1742000 теңге қаражат бөлінген.

 

Барлық жаңалықтар