• Басты
  • Жаңалықтар
  • С.Ахметжанов: Кәсіби аппаратсыз өзге институционалды реформаларды жүзеге асыру мүмкін емес

С.Ахметжанов: Кәсіби аппаратсыз өзге институционалды реформаларды жүзеге асыру мүмкін емес

7 Шілде, 2015 11:49
Кәсіби аппаратсыз өзге институционалды реформаларды жүзеге асыру мүмкін емес, деді Мемлекеттік қызметі істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«100 нақты қадам – Ұлт жоспарында» ҚР Президенті тарапынан Қазақстандағы мемлекеттік қызметті жаңғыртуға бағытталған алғашқы 15 қадам бекітілген. Осы негізгі мәселелер Мемлекет басшысының шешімімен құрылған бірінші жұмыс тобында талқыланды. Жұмыс тобы жетекші отандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен бүгінгі таңдағы бүкіл халықаралық шолуға талдау жасау бойынша жүйелі жұмыстар атқарды»,-деді С.Ахметжанов.  

Оның сөзінше, бірінші кезекте Қазақстанның мемлекеттік қызметін жаңғыртудың басты негізқалаушы элементтерінің бірі қазіргі таңда мемлекеттік қызметтің өсім үлгісі болып табылады. «Әлемді мемлекеттік қызметтің екі үлгісі бар екендігін айта кету керек. Біріншісі, карьера, яғни қызметтегі өсім үлгісі, ол Германия Жапония сияқты мемлекеттерге тән. Ол бойынша мемлекеттік қызметке қабылданғанда тек ең төменгі сатыдағы қызметтер беріліп, одан әрі қызметкер жоғары лауазымдарға бірте-бірте сатылап жететін болады. Сол себепті мемлекеттік қызметтің арасында жүрмей тұрып, жоғары лауазым иесі атану мүмкін емес»,-деді С.Ахметжанов.

Оның айтуынша, екінші жүйе – көзқарастық «ашық алаң, яғни мұнда ең төменгі, орта тіпті жоғары лаузаымдағы қызметтерге орналасуға болады, әрине ашық конкурс арқылы. Мұндай жүйе АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Жаңа Зеландия сияқты мемлекеттерде бар. Кәсіби мемлекеттік аппаратсыз өзге реформаларды жүзеге асыру мүмкін емес», -деді төрағаның орынбасары.    

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар