• Басты
  • Жаңалықтар
  • Степногорск қаласында «Жауынгерлік және еңбек даңқы» мұражайы қайта жаңғыртылды

Степногорск қаласында «Жауынгерлік және еңбек даңқы» мұражайы қайта жаңғыртылды

7 Шілде, 2015 20:43
Степногорскіде «Жауынгерлік және еңбек даңқы» мұражайы қайта жаңғыртылды, облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».

Ақсу ауылында 1977 жылы сәуір айында №1 орта мектебінде құрылған «Жауынгерлік және еңбек даңқы» мұражайына «екінші өмір» сыйланды.

Мектепте оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесіне үнемі баса назар аударылатын, және, әлбетте, мұндай мұражайдың болуы өскелең ұрпақпен жұмыста үлкен көмек.    

Мұражай материалы уақыт өте келе бастауын сонау 1929 жылдан алатын Ақсу ауылының тарихымен толықты, сөйтіп қайта жаңғыртылған «Жауынгерлік және еңбек даңқы» мұражайы салтанатты түрде ашылды. 

Қаланың баспасөз хатшысы Нана Антидзе хабарлағандай, Степногорск әкімі Ануар Күмпекеев өңір тұрғындарын мұражайдың ашылуымен құттықтап, болашақ ұрпақ үшін тарихтың сақталуының маңыздылығын атап өтті.

Барлық жаңалықтар