• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбеде бос жұмыс орындар жәрмеңкесі аясында 80 адам жастар тәжірибесіне бағытталды

Ақтөбеде бос жұмыс орындар жәрмеңкесі аясында 80 адам жастар тәжірибесіне бағытталды

7 Шілде, 2015 12:21
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ғимаратындаАстана күніне орай«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының үшінші бағыты аясында Жастар тәжірибесі бойынша қала мекемелерінің қатысуымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

Аталған іс-шара жоғары және арнаулы-орта оқу орындары түлектерінің қала ұйымдары мен кәсіпорындарында алған мамандықтары бойыншабастапқы еңбек өтілін жинақтау мақсатында өткізілді.

2015 жылы Жастар тәжірибесіне 223 түлекті бағыттау жоспарланып, бүгінгі күні 147 түлек жолданды. Жастар практикасына қатысушылардың жалақысын субсидиялау 6 ай мерзіміндемемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 18 айлық есептік көрсеткіш (35 676 тенге) көлемінде жүргізіледі.

Бүгінгі күні, Жастар тәжірибесі бойынша бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 35 жұмысберушіден экономикалық, педагогикалық, техникалық, заңгерлік, медициналық мамандықтар бойынша 236 жұмыс орындары ұсынылды.

Жәрмеңкеге қатысқан түлектер саны – 140. Соның ішінде, жастар іс-тәжірибесіне 80 адам жолдама алды.

Барлық жаңалықтар