Таразда азық-түлік өнімдерінің ең төменгі бағасы белгіленген

7 Шілде, 2015 11:43
«Қазагромаркетинг» АҚ-ның ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі 2015 жылдың 23-30 маусымы аралығында бөлшек сауда бағаларының төмендегідей өзгерісін анықтады, деп хабарлады компания.

Талдықорғанда қызанақ 20%-ға 250-ден 200 теңге/кг-ға дейін, Атырауда 21%-ға 284-тен 225 теңге/кг-ға дейін, Қызылордада 13%-ға 150-ден 130 теңге/кг-ға дейін, Ақтауда 12%-ға 285-тен 250 теңге/кг-ға дейін, Алматыда 12%-ға 183-тен 161 теңге/кг-ға дейін, Оралда 19%-ға 220-дан 178 теңге/кг-ға дейін және Таразда 10%-ға 111-ден 100 теңге/кг-ға дейін арзандады. Баға көрсеткіштерінің арзандауына сатылымда арзан жылыжай өнімі мөлшерінің артуы мен нарықтың өніммен қанығуы әсер етті.

Қияр Астанада 13%-ға 211-ден 183 теңге/кг-ға дейін, Атырауда 33%-ға 173-тен 116 теңге/кг-ға дейін, Өскеменде 25%-ға 224-тен 168 теңге/кг-ға дейін, Қарағандыда 18%-ға 176-дан 145 теңге/кг-ға дейін, Қостанайда 14%-ға 175-тен 150 теңге/кг-ға дейін, Қызылордада 10%-ға 100-ден 90 теңге/кг-ға дейін, Ақтауда 17%-ға 300-ден 250 теңге/кг-ға дейін, Алматыда 11%-ға 122-ден 108 теңге/кг-ға дейін, Оралда 13%-ға 90-нан 78 теңге/кг-ға дейін және Таразда 33%-ға 100-ден 67 теңге/кг-ға дейін арзандады. Баға көрсеткіштерінің арзандауына сатылымда еліміздің оңтүстік облыстарынан әкелінетін арзан ашық топырақ жағдайында өсірілген өнім мөлшерінің артуы (жаппай пісуі) мен нарықтың өніммен қанығуы әсер етті.

Өскеменде сатылымда биылғы жылы өсіп шыққан қымбат пияздың сатылуы себебіне байланысты өнім бағасы 16%-ға 100-ден 116 теңге/кг-ға дейін қымбаттады.

Шымкентте өнім мөлшерінің артуы және жергілікті өндірушілер мен көтерме саудагерлердің баға көрсеткіштерін төмендетуі әсерінен пияз 20%-ға 100-ден 80 теңге/кг-ға дейін арзандады.

Өнім мөлшерінің артуы және көтерме саудагерлердің бағаны төмендетуі әсерінен картоп Алматыда 15%-ға 104-тен 88 теңге/кг-ға дейін және Таразда 13%-ға 80-нен 70 теңге/кг-ға дейін арзандады.

Барлық жаңалықтар