Ақмола облысында ұлттық спорт түрлері бойынша үздіктер анықталды (Фото)

7 Шілде, 2015 13:02
Көкшетауда ұлттық спорт түрлері бойынша XV облыстық спартакиада басталды, шара Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған, деп хабарлады ОІСБ жанындағы «Ақмола медиа орталығы».

Спартакиада  облыстық БЖС ипподром негізінде өтті, ол Көкшетау ақаласының Красный Ярында ұлттық спорт түрлері бойынша  өтті.

Ақтық мәреге 17 аудан мен Көкшетау қаласының қатысушылары келіп жетті.  59 жеңістің топтамасы ойнатылды.

Спартакиада бағдарламасында спорттың 12 түрі болды.

Спартакиаданың ашылу салтында қатысушыларды Ақмола облысының әкімі Нұрлан НҰркенов қарсы алды.  Ол ұлттық спорт түрлерін насихаттау өте маңызды екенін айтып өтті.

Ақтық мәреде көкпар бойынша бақ сынасқан Ерейментау мен Ақкөл ауданының ішінде Ерейментау алға шықты, олар спартакиаданың чемпионы аталды. Шарада спорттық лапта бойынша Бурабай ауданы суырылып шықты, екінші орында Сандықтау, үшінші орында Ақкөл ауданы бар.

 

Барлық жаңалықтар