• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Еуропалық нейрохирургиялық қауымдастықтың білім беру курстары өтіп жатыр

Астанада Еуропалық нейрохирургиялық қауымдастықтың білім беру курстары өтіп жатыр

7 Шілде, 2015 09:32
Астанада 2015 жылдың 6-8 шілде аралығында Ұлттық нейрохирургия орталығында Еуропалық нейрохирургтер қауымдастығының білім беру курстары өтіп жатыр, шараны «Қазақ нерохирургтер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі мен Ұлттық медициналық холдингінің «Ұлттық нейрохирургия орталығы» акционерлік қоғамы ұйымдастырды.

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, EANS курстары дәстүрлі болып табылады және ол Еуропада көптеген жылдардан бері ұйымдастырылып келе жатыр. Ондағы мақсат – нейрохиругтерге нерохирургиялық аурулар мен оларды емдеу тәсілдері туралы мәліметтерді жеткізіп отыру. Курстарға еуропалық нейрохирургияның білікті мамандары келді және олар лекциялар мен пікірталастар аясында өздерінің тәжірибелерімен бөлісуде, сонымен қатар нақты мәселелер бойынша да шешімдер қабылдауға көмек көрсетуде.   

«Орталық Азия өңірінде JCI стандарттары негізінде тіркелген нейрохирургиялық орталықтың болуы 2013 жылы Астанада Еуропалық нейрохирургтер қауымдастығының курстарының өтуіне байланысты мүмкін болды. Биылғы жылы нейрохирургия орталығында өтетін курстар қан тамырлары нейрохирургиясына арналды»,-делінген хабарламада.

Биылғы жылы Астанада Ресей, Франция, Чехия, Эстония, Түркия, Израйль, Ирландия, Нидерланды, Венгрия және өзге де бірқатар мемлекеттердің жетекші нейрохирургтері келді. Олардың арасында Еуропалық нейрохирургтер қауымдастығының президенті Владимир Бенеш (Чехия), «Дана» балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімінің директоры, Тель-Авив қаласының Сораски атындағы «Ихилов» медицина орталығының өкілі Шломи Константин (Израйль) мен өзге де танымал ғалымдар бар.

Биылғы жылы курстан өтуге Қытай, Моңғолия, Беларусь, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінен 150-ден астам мамандар қатысуда.      

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар