ШҚО-да 320 орындық жаңа балабақша ашылды

7 Шілде, 2015 08:57
Астана күні мерекесінің қарсаңында, Өскеменде «Балапан» бағдарламасы бойынша 320 орындық «Асыл Алтын бесік» атты жеке меншік балабақшасы ашылды, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

Мемлекеттік тапсырысты жеңіп алған «Асыл Алтын бесік» балабақшасы 1,5 – 6 жас аралығындағы балаларға тәрбие және тәлім беру мүмкіндігіне ие болып отыр. Аталған балабақша сондай-ақ, 65 адамды жұмыспен қамтуда.

Өскемен қаласында бүгінгі күні 17 335 баланы қамтыған 46 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істесе, оның 11-і жеке меншік болып табылады.

 

Барлық жаңалықтар