Астана күні: Ұлттық музейде «Chitra by Newby коллекциясынан» көрме ашылды (ФОТО)

6 Шілде, 2015 19:04
2015 жылғы 6 шілдеде сағат 17.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Chitra by Newby коллекциясынан» атты көрменің ашылуы өтеді.

Көрме Астана күніне және Ұлттық музейдің 1 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Қазақстан – «Chitra by Newby коллекциясынан» халықаралық көрмесі өткізілетін алғашқы ел. Көрмені Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, британдық коммерциялық емес N.Sethia Foundation  қайырымдылық қоры және Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі ұйымдастырып отыр. Сондай-ақ, көрмені ұйымдастыруға ҚР Ұлттық банкі қолдау білдірді, ал коллекцияны ресми тасымалдаушы – «Эйр Астана» акционерлік қоғамы.

Chitra by Newby коллекциясын жинақтаушы – N.Sethia Groupof Companies және N. Sethia Foundation қайырымдылық қорының төрағасы  Нирмал Кумар Сетхия.

Лондонда орналасқан Chitra by Newby коллекциясы – бұл шай тарихымен байланысты жалғыз жеке антиквариаттар топтамасы. Коллекция құрамында Еуропа, Азия және Америкада жасалған  қолданбалы өнер туындыларының 1500-ден астам  сирек және ғажап үлгілері бар. Коллекция  мың жылдық уақыт аралығын қамтиды: Сун династиясы (Х-ХIII ғғ.) кезіндегі пиалалар мен сацумалық керемет фарфор шәйнектерден бастап Викториандық дәуірдегі салтанатты шай ыдыстары мен ХХI ғасырда жасалған сәнді аксессуарларға дейін – Қытайдың Мин дәуіріне (1368-1644) жататын көкала фарфордан жасалған, күміспен безендірілген «краак» стиліндегі шәйнек, ашық теңіз толқыны түстес нефриттен жасалған, айдаһар бейнеленген пиала, Қытайдың Қанси дәуіріне (1662-1722) жататын алтынмен безендірілген фарфор шәйнек, борокко стилінде Нидерландыда жасалған шәйнек (1700), алтынмен безендірілген, гелиотроптан жасалған шәйнек, алтын жалатылған күміс шәйнек пен шай табақ, Британия (1828) және т.б.     

«Chitra by Newby коллекциясынан» көрмесі Астана тұрғындары мен қонақтарын ерекше құнды жәдігерлермен таныстырып, шай ішу мәдениетінде қалыптасқан дәстүрлер туралы және осынау көне сусынның тарихынан хабардар етеді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар