- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада әлемдегі ең үлкен бешбармақ дайындалды
Астанада әлемдегі ең үлкен бешбармақ дайындалды
Елорданың жүздеген тұрғындары Қазақстанның жаңа рекордын тамашалау үшін «Махаббат» паркіне келді. «Тайқазан» акицясына Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қазақ географиялық қоғамы мен Астана әкімдігі өкілдері бастамашылық етті, деп хабарланды елорда әкімдігінің ресми сайтынан.
Салмағы 736,5 келі болатын қазақтың ұлттық тағамы әлемдегі ең үлкен бешбармақ ретінде ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. 25 аспаздан құрылған команда таң атпастан тағамды дайындауға кірісті. Ұйымдастырушылардың айтуларынша, әлемдегі ең үлкен бешбармақты дайындау үшін 800 келі ұн, 14 қап пияз, ал иленген қамырдың салмағы 300 келіден асты.
Гиннестің рекордтар кітабының Лондондағы штаб-пәтерінің супервайзерлері «Елдің ең басты ұлттық тағамын дайындау» аталымы бойынша әлемдік рекорд орнатты. Гинестің рекордтар кітабының ережесі бойынша, бешбармақ дәстүрлі рецепт бойынша дайындалуы керек, ал оның құрамына ет, пияз, қамыр кіреді, осының барлығын бір қазанда қайнату керек.
Акция аясында «Махаббат» паркіне келушілердің барлығы дайындалған тағамнан дәм татып, мерекелік концерті тамашалады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар