- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Астана күніне арналған салтанатты қабылдауларға қатысты
Мемлекет басшысы Астана күніне арналған салтанатты қабылдауларға қатысты
Іс-шараға Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар мен дипломатиялық корпус, зиялы қауым және іскерлік орта, мәдениет пен білім беру саласы өкілдері қатысты, деп хабарлайды, Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы өз сөзінде небәрі 17 жасқа толған ел астанасының қазірдің өзінде бай әрі даңқты тарихы бар екенін айтты.
– Бүгінде елдің бас қаласы тек бірегей ғимараттарымен ғана емес, қайталанбас өзіндік ахуал-тынысымен де ерекшеленеді. Астананың өз «гравитациясы» бар, ол таланттарды, жаңа жобаларды, қаржылық, зияткерлік және әлеуметтік капиталды өзіне тартып тұрады. Осында өмір сүруге, өз болашағын осында бедерлеуге ұмтылғандар барған сайын көбеюде. Астана халқының саны күткендегінің бәрінен де асып түсіп, миллионға жуықтап қалды. Бұл ретте қаланың елге берері де көбейе түсуде. Бүгінде Астана – республикалық бюджеттің донорына айналған өңірдің бірі, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев елдің әлеуметтік және экономикалық өміріне тигізіп отырған елорданың оң ықпалын атап өтті.
– Астана қазірдің өзінде тек елдің ғана емес, Орталық Азия өңірінің білім беру және медицина хабы рөліне ие болып отыр. «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру елдің барлық өңірін елордаға жақындата түсуде. Жаңа Жібек жолы жобасы Қазақстанды Еуразия құрлығының орталық мемлекетіне айналдырады. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу еліміздің технологиялық көшбасшылығын қамтамасыз етіп, әлемге Қазақстанның баламалы энергетика саласындағы жетістіктерін әйгілейді. «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру – тағы бір өршіл бастамамыз. Ол Астананың ғана емес, бүкіл республиканың көп жылдарға арналған даму бағытын айқындап береді. «Локальды көшбасшылық және жаһандық бәсекеге қабілеттілік» – біз ұстанатын формула осы. Көріп отырғанымыздай, Астанада қазірдің өзінде осы жоспарды жүзеге асыру үшін жұмыс жүргізілуде, – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті мерекеге өзінің жеке басының қатысы жөніндегі ойымен бөлісті.
– Қала күні де адамның туған күні сияқты – ол тек мерекелеуге себеп қана емес, есеп беріп, қорытынды жасаудың да бір мүмкіндігі. Мен үшін мерейтой жеке басымның мерекесі болған кезең әлдеқашан артта қалды. Менің бүкіл жұмысым мен бар өмірім елмен етене байланысты. Мен үшін Қазақстанның, оның елордасының және әрбір өңірінің жаңа табысынан артық құттықтау жоқ және болмақ емес, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Астананы одан әрі дамытуға атсалысқандары үшін қатысушыларға алғыс айтты.
– Бұл жерде жаңа және бірегей Еуразия мәдениеті қалыптасады, жастар бәсекеге лайық білім алады, болашаққа сеніммен қадам басатын жаңа отбасылар құрылады. Бірлігіміздің, еңбексүйгіштігіміздің, табандылығымыздың арқасында біздің алға қойған барлық мақсатымызға жететінімізге сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, игілік пен бақ-береке тіледі.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады