- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада жаңа Qazaq Air әуе компаниясының тұсаукесері өтті
Астанада жаңа Qazaq Air әуе компаниясының тұсаукесері өтті
Қатысушылардың алдында Qazaq Air компаниясының жаңа буындағы Bombardier Dash 8 Q400 ұшағы көрсетіліп, компанияның орта мерзімді даму жоспары жария етілді.
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев Qazaq Air әуе компаниясында 12 маршрут болатынын, оның басым бөлігі Қазақстанның аймақтарына қонып, үзіліс жасамай ұшатынын айтты.
«Компания алдымен облыстар арасындағы тікелей қатынас мәселесін шешіп, осы арқылы экономикалық дамуға ықпал етеді. Өз кезегінде қазақстандықтар да өңірлік әуе қатынасының тиімділігіне көз жеткізеді. Осы арқылы біз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа әуе компаниясы алдына қойған тапсырмасын толық орындаймыз», - деді ол.
Орташа ұшу қашықтығы 800 шақырымдай болады. Қызметтің алғашқы жылында ұшақтың бір күндегі орташа ұшу уақытын 7,3 сағатқа жеткізу жоспарланған. Жолаушылар саны 250 мыңдай болады деп болжам жасалып отыр.
«Qazaq Air» АҚ жобалау жөніндегі директоры Блэр Поллок әуе компаниясындағы бағалар қол жетімді деп хабарлады. «Bombardier Dash 8 Q400 аймақтық ұшағы үнемді ұшақ, сондықтан бұл ұшақтар флоты жолаушылары аз бағыттарға да тиімді сапарлар жасай алады», - деді ол.
Тұсаукесерде көрсетілген Bombardier Dash 8 Q400 ұшағы осы аттас концерннен тапсырыспен алынған үшінші ұшақ. Жаңа заманғы ұшақ ерекше техникалық мінездемеге ие, оперативтілігі жағынан да, жолаушыларға да жайлы.
Аталған үлгінің жылдамдық мінездемесі осы тектес ұшақтар ішіндегі үздіктерінің бірі болып табылады. Отынды жағып, үнемдеуі жақын қашықтыққа ұшатын реактивті ұшақтардан 30% төмен.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары