- Басты
- Жаңалықтар
- Шетелдік мемлекеттер мен үкіметтер басшылары ҚР Президентін туған күнімен құттықтады
Шетелдік мемлекеттер мен үкіметтер басшылары ҚР Президентін туған күнімен құттықтады
Армения Президенті Серж Саргсян өз құттықтауында қазақ-армян ықпалдастығы екіжақты форматта, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар мен бірлестіктер аясында Қазақстан-Армения халықтарының достығы мен игілігі үшін алдағы уақытта да дами беретініне сенім білдірген.
С.Саргсян Мемлекет басшысына мықты денсаулық, бақуаттылық және қызметіне табыс тіледі.
Украина Президенті Петр Порошенко мемлекет құру жолында біздің елдің соңғы ондаған жылдарда қол жеткізген түрлі саладағы жетістіктері Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті лауазымындағы көпқырлы қызметімен ажырағысыз байланысты екенін атап өткен.
«Дәстүрлі Украина-Қазақстан достық қарым-қатынасын тереңдете түсуге бағытталған біздің сындарлы диалогымыздың бұдан әрі өрістеуі өзара тиімді және жан-жақты ынтымақтастықты Украина мен Қазақстанның игілігі үшін жандандыра түсуға септігін тигізетініне сенімдімін», – делінген жеделхатта.
Соңында П.Порошенко Мемлекет басшысына мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, жемісті мемлекеттік қызметіне жаңа табыс, ал достас Қазақстан халқына игілік пен бақ-береке тіледі.
Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, оның пәрменді басшылығымен Қазақстан көптеген жылдар бойы өзінің халықаралық аренадағы беделін арттырып келе жатқанын атап өткен.
С.Абэ Мемлекет басшысына және Қазақстан халқына игілік пен бақ-береке тіледі.
Монако князі II Альбердің құттықтауында екі ел арасындағы байланыстырды одан әрі нығайтудың маңыздылығы айтылған.
«Миландағы көрмеде Қазақстанның ұлттық павильонында болу мені өте жақсы әсерге бөледі, Астанада өтетін ЭКСПО-2017 дүниежүзілік көрмесіне Монако Княздігінің қатысуын тағатсыздана күтіп жүрмін», – делінген құттықтауда.
Оман Сұлтаны Кабус бен Саид Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, оған бақыт және мықты денсаулық тіледі, сондай-ақ достас Қазақстан халқының одан әрі ілгерілеуі мен өсіп-өркендеуіне ниеттестігін білдірді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері