«Бәйтерек» холдингі қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтайды

5 Шілде, 2015 16:31
«Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі, АҚ атқарушы директоры Сержан Мадиев «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында компания атынан қазақстандықтайды Елорда күнімен құттықтады.

««Бәйтерек» холдингі атынан барлық қазақстандықтарды, астаналықтарды алда келе жатқан елорда күнімен құттықтаймын. Қала күні біз үшін ерекше мейрам болды және солай қала бермек. Дәстүр бойынша Үкімет пен қала билігі мерекелік күндерге орайластырып түрлі меркелік шаралар ұйымдастырады», - деді С.Мадиев.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 1 шілдесінде «Бәйтерек» холдингі «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Астана, Қостанай, Ақтөбе, Алматы мен Павлодар қалаларында тұрғын үйлерді үйлестірді.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар