Н.Коржова: Астана әлемнің үздік астаналар ондығына енуі тиіс

6 Шілде, 2015 17:53
Тұрғындар Елбасы әлемнің үздік астаналар ондығына ену тапсырмасын орындауды есте сақтауы керек, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Коржова.

«Бүгінгі таңда Елбасын бідің Елорданың негізін қалаушы Н.Назарбаевты туған күнімен құттықтағым келеді. Біз өзімізді астаналық деп есептейміз. Министрліктің Астанаға көшуінен бастап қызмет етіп келе жатқан шенеуніктер армиясын құттықтағым келеді», - деді ол.

Жауапты хатшы атап өткендей, министрлік елорданың гүлденуіне өзіндік үлесін қосып келеді.

«Біздің астанада өзге елордаларға қарағанда адамдар ағыны көп. Біз Азия мен Еуропаның тоғыстырушысымыз, қонақжайлылық пен елгезектікпен ерекшеленеміз. Сондықтан тұрғындар Елбасы әлемнің үздік астаналар ондығына ену   тапсырмасын орындауды есте сақтауы керек», - деді ол.

.Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар