Б.Байбек: Қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтаймын

6 Шілде, 2015 11:32
«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Strategy2050.kz. берген сұхбатында қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтады.

«Қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтағым келеді. Астана Елбасы құрған қала. Көптеген адамдар Астана осындай әсем, гүлденген қала болатынына сенбеді. Аз уақыт ішінде ол қуатты қалаға айналды», - деді ол.

Б.Байбек атап өткендей, Астана медициналық кластерге айналды, бар әлемнің адамдары білікті қызметке ие болып отыр.

«Астананың көшірілуі Қазақстанды біркелкі түрде дамытып, өңірлерді теңестірді. Елордада жақсы тұру үшін барлық жағдай жасалған. Елбасы Н.Назарбаев бар халықтың қолдауымен елді дұрыс бағытқа жолдай алады», - деді Б.Байбек.

Айта кетейік, Астанада 3 маусым күні ҚР Тұңғыш Музейінде «Нұр Отан» партиясы қатарына қабылдау өтті. Республиканың әр өңірінде партия мүшелігіне 1258 адам өтті.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар