- Басты
- Жаңалықтар
- Астана әкімі мен Милан мэрі бірлескен коммюнике қабылдады (ФОТО)
Астана әкімі мен Милан мэрі бірлескен коммюнике қабылдады (ФОТО)
«Бұл күндері Астананың 17 жылдығын атап өтудеміз. Астана республикамыздың бірлігінің, тәуелсіздігінің және жасампаз энергияның символына айналды», - деді әкім.
Елорда әкімі қонаққа Астананың құрылысы, оның дамуы мен жетістіктері туралы айтып берді.
«Осы күндері Астанаға Қазақстанның басқа аймақтарынан және шетелдерден көптеген қонақтар келуде. Біз Италиядан келген достарымызды да қуана қарсы аламыз», - деді Ә. Жақсыбеков.
Астана мен Милан арасындағы екі жақты ынтымақтастықты дамыту туралы айта келе, әкім, бірінші кезекте «ЭКСПО Милан 2015» және «ЭКСПО Астана 2017» көрмелерін өткізуге дайындық кезінде тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталды.
«Біз бұдан кейін де Миланда өтіп жатқан ЭКСПО-2015 көрмесіне дайындық пен оны ұйымдастыру әдістерін белсенді зерттеуді жоспарлап отырмыз, осы мақсатта ұйымдастыру жұмыстарының әртүрлі аспектілері бойынша бірқатар жұмыс делегацияларын дайындаудамыз. Өз кезегінде ЭКСПО-2017 көрмесіне дейін де, одан кейін де барлық итальяндықтарды Қазақстанға, Астанаға шақырамыз», - деді әкім.
Ә. Жақсыбековтың айтуынша, Астана Миланның дамуымен және қаланың тұрақты жоспарлануымен, инновацияларды енгізу және «smart» қалалар тұжырымдамасын жүзеге асыру салаларындағы тәжірибесімен танысуға мүдделі. Сондықтан, бірігіп жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасау үшін Астана өзара түсіністік туралы меморандумды қабылдау туралы Италияның бастамасын қолдайды.
«Бұл құжат ұзақ уақыттық жемісті ынтымақтастығымыздың іргетасын нығайта түседі», - деп атап өтті Ә. Жақсыбеков.
Милан қаласының мэрі Астана мен Милан арасында тікелей әуе байланысын орнатуды ұсынды.
«Екі елдің байланысын одан әрі дамыту мақсатында Астана мен Милан арасында тікелей әуе байланысын орнату мүмкіндігін ұсынамын», - деді Джулиано Пизапиа.
Мэр Пизапиа елорда әкімін келесі жылдың 15-16 қазанында өтетін азық-түлік саласындағы Қалалық саясат пактісінің («Urban Food Policy Pact») таныстырылымына арналған Мэрлер Саммитіне қатысуға шақырды.
Бүгін Милан мэрі Астанаға сапары аясында ЭКСПО-2017 көрмесі алаңын аралап, жобамен танысты. Құрметті қонақ көрме өтетін басты кешен мен маңызды нысандардың құрылысын көріп қайтты.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады