• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елорда күні: Көшпенділер өркениеті фестиваліне 20-ға жуық мемлекет қатысуда (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Елорда күні: Көшпенділер өркениеті фестиваліне 20-ға жуық мемлекет қатысуда (ФОТОРЕПОРТАЖ)

5 Шілде, 2015 19:07
Елордада сегізінші жыл қатарынан «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» көшпенділер өркениеті фестивалі өткізіліп келеді. Биыл этноаул «Хан-Шатыр» ойын-сауық орталығының қасында орналасты. Мерекелік бағдарламаға Қазақ хандығының 550 жылдығы арқау болды. Фестиваль қонақтарына көшпенділердің мәдениетімен танысуға үлкен мүмкіндік берілді.

Ағымдағы жылы 20 мемлекеттен келген 300-ден астам адам көшпенділердің мәдениетін, тарихы мен дәстүрін қазақстандық елордада паш етті.

«Біздің фестивалімізге көшпенділер өркениеті дамыған елдер қатысуда. Қырғызстаннан «Ордо сахна» этномәдени ансамблі, Өзбекстаннан «Арлан» көшпенділер театр, циркі келді. Сонымен қатар, фестиваль аясында үлкен жәрмеңке өтуде. Біз Қазақстанның түкпір-түкпірінен қол өнер шеберлерін шақырдық. Олар өз туындыларын сатып, шеберлік сыныптарын өткізуде», - деді фестивальдің екінші режиссері Арайлым Қалдыбаева.

Ағымдағы жылы фестивальғаи Алматыдағы  ҚР Орталық мемлекеттік музейінің экспонаттары әкелінде. Мұнда 19-20 ғасырда жасалған 100-ге жуық кілемдер қойылды.

«Кілем ол молшылықтың символы. Мұнда ұсынылған 19-20 ғасырдағы кілемдер қолмен жасалған. Олар Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналды, кейбіреуі сатып алынса, енді біреулері сыйға берілді. Бүгінгі заманда орталықта ұсынылған  жұмсақ теріде тігу жоғалып кеткен, ондай шеберлер жоқ», - деп ағынан жарылды  экскурсия жетекшісі Муксина Оспанова.

Айта кетерлік жайт, көшпенділер өркениеті фестивалін көргісі келетіндер 7 шілдеге дейін тегін тамашалай алады.

Анар Тәңірқұлова

Суретке түсірген Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар