• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Президенті гольфтан Астана кубогы үшін өткен турнирге қатысушыларға табыс тіледі

Қазақстан Президенті гольфтан Астана кубогы үшін өткен турнирге қатысушыларға табыс тіледі

5 Шілде, 2015 14:09
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев гольфтан Астана кубогы үшін өткен ашық турнирге барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

 Жарысқа республиканың және шет елдердің спортшылары қатысты.

Мемлекет басшысы жиналғандарды турнирдің басталуымен және Астана күнімен құттықтады.

«Біз осы мына қаланы бірге салдық. Оны бүгінде қазақстандықтар ғана емес, қонақтарымыз да мақтан тұтады. Осы гольф-клуб іс жүзінде далада салынды. Бүгінде спорттың бұл түрі Қазақстанда дамып келеді, уақыт өте Астанада жаңа клубтар пайда болады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Қазақстан Президенті жарысқа қатысушыларға табыс тіледі. 

Барлық жаңалықтар