• Басты
  • Н.Назарбаев: Билік – бірінші кезекте жауапкершілік
5 Шілде, 2015 14:28

Н.Назарбаев: Билік – бірінші кезекте жауапкершілік

Билік – бірінші кезекте жауапкершілік, деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» телеарнасының «Формула власти» бағдарламасы барысында.
Н.Назарбаев: Билік  – бірінші кезекте жауапкершілік

«Қызмет жоғарылаған сайын жауапкершілікте артады, ал Президенттің мүлдем бос уақыты жоқ. Демалыс күндері де, еңбек демалысында да, күндіз-түні ол жұмыс істейді», - деді  Нұрсұлтан Назарбаев бағдарлама авторы Михаил Гусманға.

Елбасы Еуразиялық экономикалық одақ туралы сұраққа ол Еуропа мен Азияның одағы болатынын атап өтіп жауап берді.

«Еуразиялық экономикалық одақ ол бірінші кезекте Қазақстан мен Ресейдің ниеті – дұрыс интеграция және дұрыс бағытқа бет-бұрыс. Еуропа мен Азия – бұл бір субконтинент. Еуропа Азиясыз өмір сүре алмайды. Бізге олардың технологиясы мен ғылымы керек. Біз бір-бірімізді толықтырып тұрамыз. Мен Еуразиялық одақ Еуропа мен Азияның одағы болатынына сенімдімін. «Жібек жолы» идеясы және экономика дамуы  - бұның өзі бірігу. Біз осыған келеміз»,- деді Ұлт көшбасшысы. 

Барлық жаңалықтар