Елорда күні: СҚО-да Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды

5 Шілде, 2015 10:51
Солтүстік Қазақстан облысында ҚР елордасы мерекесіне орай салтанатты түрде Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды. Оқушылар мен ұстаздарды облыс әкімі Ерік Сұлтанов құттықтады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Тұңғыш Президент мектебі мектепте білім берудің негізгі қозғаушы күшіне айналады. Болашақта Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларында жаңа бастамалар мен жаңалықтар көп болатынына сенімдімін. Осы жолда сәттілік тілеймін», - деді Ерік Сұлтанов.

Шара қатысушылары алдында «НЗМ» автономдық білім беру ұйымының басқарма төрғасы Күләш Шамшітдинова сөйледі. Ол  облыстық білім беру басқармасына «Астана геометриясы» кітабы мен роботтехникасын сыйға тартты.

Оқушылар мен ұстаздарға ең маңызды сәт Назарбаев мектебіне қабылдану болды. Ұстаздарға СҚО әкімі НЗМ символы бейнеленген шарф сыйлады. 

Барлық жаңалықтар