- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы «Қазақстан барысы» жеңімпазына «Тайтұяқ» жүлдесін табыстады
Мемлекет басшысы «Қазақстан барысы» жеңімпазына «Тайтұяқ» жүлдесін табыстады
Нұрсұлтан Назарбаев соңғы жылдары тәуелсіздіктің бір символы ретінде ұлттық спорт түрі – қазақша күрес қайта жаңғырғанын атап өтті.
«Бұл біздің халқымыздың дәстүрлі күрес өнері. Ауылдағы балалар ежелден күреспен шұғылданып, өз машықтарын жетілдірген. Әкелер өз балаларына күрестің амал-тәсілдерін үйреткен. Мен бұл жарысты толық қолдаймын. Болашақта жарыстың одан әрі дамитынына, ал оның қазіргі қатысушыларының арасынан Балуан Шолақ, Қажымұқан сияқты қазақтың көптеген ұлы балуандарының даңқты жолын жалғастыратын спортшылар шығатынына сенемін. Турнир халықаралық деңгейге шығып, құрлықтық және олимпиадалық ойындар бағдарламаларының бір бөлшегіне айналады, еліміздің атын шығарады деп үміттенемін», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы сондай-ақ Астана күні қарсаңында өткен жарысты бүкіл ел тамашалағанына назар аударды.
«Бұл – халық үшін үлкен мереке. Біздің жастарымыз саламатты өмір салтын ұстануға тырысып, денсаулығын жетілдіруге тиіс. Соның арқасында мемлекетіміз бен қоғамымыздың негізі мықты болады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Естеріңізге сала кетейік, жарыс финалына іріктеу сайыстарының үш кезеңінен өткен 32 балуан, сондай-ақ былтырғы жылдың жеңімпазы М.Тұрсынов қатысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан