• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елорда күні: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Елбасы жолы»көрмесі ашылды (ФОТО)

Елорда күні: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Елбасы жолы»көрмесі ашылды (ФОТО)

4 Шілде, 2015 19:03
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Елбасы жолы»көрмесінің тұсаукесер рәсімі өтті.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, көрмеде еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлғалық қалыптасу кезеңдері эксклюзив материалдар арқылы көрсетілген.Мұнда 1958-1991 жылдар аралығында жарияланған баспасөз мақалалары қамтылды. Көрмеде «Комсомолец Караганды», «Темиртауский рабочий», «Советтік Қазақстан», «Социалистическая Караганда», «Индустриальная Караганда», «Лениншіл жас», «Ленинская смена», «Коммунизм үшін», «Комсомольская правда», «Орталық Қазақстан», «Казахстанская правда», «Известия», «Егеменді Қазақстан» газеттерінің материалдары пайдаланылған. Ұсынылған материалдар саны – 75.

Көрмені ашқан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов «Елбасы және Қазақ мемлекеттігі» атты жаңа кітабын таныстырды. Автор аудиторияға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи тұлғалық орны туралы терең әңгімелеп берді. Өзінің жаңа кітабы туралы Қуаныш Сұлтанұлы «Мұнда ойдан шығарылған бірде-бір дерек жоқ. Елбасының жанында жүріп көзім көрген жайттарды ғана жаздым», - деп атап өтті ол.

«Сендер – бақыттысыңдар. Бұл жерде ештеңе оқымай тұрып-ақ, көп нәрсе ұққандай боласың. Ғажап ғимарат! Мүмкіндіктеріңді мұқият пайдалана біліңдер», - деп түйді Қуаныш Сұлтанов. 

Барлық жаңалықтар