• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә.Жақсыбеков: Елорда – еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің нышаны, халқымыздың мақтанышы

Ә.Жақсыбеков: Елорда – еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің нышаны, халқымыздың мақтанышы

4 Шілде, 2015 18:13
Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков астаналықтарды Елорда күнімен құттықтады, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты хабарлады.

Астана күні – жалпы республика халқы болып тойлайтын атаулы мейрам. Қысқа мерзімде сәулеті мен дәулеті келіскен шаһарымыз әлемдегі ең үздік қалалардың біріне айналды.

«Елорда – еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің нышаны, халқымыздың мақтанышы. Уақыт өткен сайын тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жақсарып, қаладағы оң өзгерістер өзге өңірлерге үлгі болуда. Алдымызда Елбасы белгілеген биік міндеттер мен жоспарлы жұмыстар бар. Ішкі татулығымыз бен қажырлы еңбегіміздің арқасында аталған межені де абыроймен бағындырамыз деп сенемін», - делінген құттықтауда.

Астана әкімі барша халыққа  зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасылық бақыт тіледі!

Барлық жаңалықтар