• Басты
  • Астанада «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Трансформациялау бағдарламасы іске қосылды
4 Шілде, 2015 17:33

Астанада «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Трансформациялау бағдарламасы іске қосылды

Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ Орталық трансформациялау командасы басшылығының қатысуымен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Трансформациялау бағдарламасын іске қосудың салтанатты рәсімі өтті.
Астанада «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Трансформациялау бағдарламасы іске қосылды

Ұлттық компаниядан хабарлағандай, Бастапқы кеңес электр энергетикалық холдингінің еншілес және тәуелді кәсіпорындар ұжымымен телекөпір режимінде басталды.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев өзінің сөйлеген сөзінде трансформация «Самұрық-Энерго» АҚ үшін бизнес-үдерістердің тиімділігін жоғарылатуға және энергетикалық холдинг экономикасын жақсартуға бірегей мүмкіндік беретінін атап өтті. Келешекте, портфельді компаниялардың сыртқы дауларға жауап қайтару қабілеті өзгерістердің қаншалықты сапалы және терең жүргізілгенін көрсетеді.

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Қуаныш Бектеміров энергетикалық холдинг ауқымды өзгерістер үдерістеріне толық дайындықпен кірісетінін атап өтті, сондай-ақ компания менеджменті мен Трансформация командасына жұмысты уақытында орындап шығуларына және берілген жоғары қарқынға төтеп берулеріне тілектестік білдірді. 

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, трансформация –компанияның стратегиялық мақсаттарына жетудің кешенді көпжақты үдерісі екеніне ерекше көніл аударды. «Самұрық-Энерго» АҚ операциялық шығындарды төмендету және қоршаған ортаны қорғау бойынша жетекші болуға басымдық береді. Сондай-ақ, компания озық технологияларды ендіру арқылы көмір бизнесін әртараптандыруға бағытталған.

Спикерлер  бұған қосымша, уақыттың тығыздығына қарамастан, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Трансформация бағдарламасының барысы өте қатаң бақылауда болатынын атап өтті және Трансформация командасына үлкен жетістіктерге, қойылған жоспарларды нақты ұстану,  жұмысты уақытында орындау мен берілген жоғары қарқынға төтеп берулеріне тілектестік білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, «Самұрық-Қазына» АҚ ұлттық әл-ауқат қорының және - оның барлық портфельді компанияларының Бизнесті трансформациялау бағдарламасы Мемлекет басшысы             Н.Н. Назарбаевтың қатысуымен 2014 жылғы қазан айында бастау алды.

Барлық жаңалықтар