- Басты
- Жаңалықтар
- Елорда күні: Қалалық алаңда «Салем, Астана!» мерекелік шарасы өтті (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Елорда күні: Қалалық алаңда «Салем, Астана!» мерекелік шарасы өтті (ФОТОРЕПОРТАЖ)





«Бұл жобаға өте талантты бүлдіршіндер қатысуда, және олардың басым бөлігі үшін бұл кәсіби қызметке жасаған алғашқы қадам. Олар Қазақстанның нағыз патриоттары», - деді «Салем, Астана!» жобасының авторы Сәулеш Қанапиева шара барысында.






Сахнада 500-ден астам жеткіншек өнер көрсетті. Мың бұралған бишілер мен күміс көмей әншілер мерекелік шараны одан ары қыздыра түсті.
Бұдан басқа, Астананың 17 жылдығына орай 17 күй орындалды. Қазақ халық аспаптарының біріккен оркестрінде жетіген, қылқобыз сияқты көне ұлттық аспаптардың нәзік үні шарықтап, келген көрерменнің құлағының құрышын қандырды.





Сонымен қатар, орталық алаңға жиналған жұртшылық талантты жас суретшілердің қиялынан туған дүниелерді тамашалай алды. 30 оқушы ойындағы Астана болашағын қағаз бетіне түсірді және алаңда ЮНЕСКО шығармашылық мектебі-клубының шығармашылық көрмесі де көпшілік назарына ұсынылды.
Ботагөз Айтжанова
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары