Астанада «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтуде

4 Шілде, 2015 15:27
Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесіне арналған қазақ күресі бойынша «Қазақстан Барысы» 5-ші республикалық турнирі басталды.

«Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатқан турнирде жеңімпаз және чемпиондық белбеу мен «Тайтұяқ» сыйлығының иегері анықталады.

Естеріңізге сала кетейік, турнирдің  3 іріктеу кезеңі бүкіл Қазақстан бойынша өткізілді. Шешуші кезеңге 32 балуан өтті. Сыйлық қоры 250 мың долл, оның ішінде 150 мың долл. жеңімпаз иеленсе, 30 мың долл. - күміс жүлдегері, 10 мың долл. - үшінші орын иесіне беріледі. 

Барлық жаңалықтар